
Өмірбаян
1992 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Білімі жоғары.
Еңбек жолын 2014 жылы Сарыағаш аудандық жұмыспен қамту орталығының әлеуметтік қолдаудың белсенді түрлерін көрсету бөлімінің бас маманы болып бастаған. 2015 - 2016 жылдары Сарыағаш ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының тұрақты және уақытша жұмыспен қамту бойынша бөлім меңгерушісі, 2016-2018 жылдары «Astana Trans Trаde» ЖШС-і директорының орынбасары (Астана қаласы), 2018-2021 жылдары Сарыағаш ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары қызметтерін атқарған.
Осы қызметке тағайындалғанға дейін 2021-2025 жылдар аралығында Сарыағаш ауданына қарасты Дарбаза ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келген.
2025 жылдың 17 ақпанынан бастап Сарыағаш ауданының жер қатынастары бөлімінің басшысы болып тағайындалды.

