
Нұрлыбеков Қайрат Кеңесбекұлы
Дмитриевка ауылдық округінің әкімі
Өмірбаян
1967 жылы 25 желтоқсанда Семей облысы Бородулиха ауданы Бородулиха ауылында туған. Қазақ, үш баласы бар. Білімі жоғары. 2009 жылы Орталық Азия университетін «Құқықтану бакалавры» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1987 жылдың наурызынан Бородулиха ауданы Пушкин атындағы колхозда ауыл шаруашылығы машиналарын жөндеу бойынша слесарь болып бастады. 1987 жылдың мамырынан 1989 жылдың мамырына дейін Кеңес Армиясы қатарында қызмет етті. 1989 жылдың тамызынан 1990 жылдың қаңтарына дейін Бородулиха ауданы Пушкин атындағы колхоздың машина ауласында слесарь болып жұмыс істеді. 1990 жылдың шілдесінен 1994 жылдың наурызына дейін «Селикат» АҚ №2 кірпіш цехында слесарь-жөндеуші болып жұмыс істеді. 1994 жылдың шілдесінен 2016 жылдың тамызына дейін - Бородулиха ауданының ішкі істер қатарында қызмет атқарды. 2016 жылдың тамызынан 2020 жылдың маусымына дейін Бородулиха ауданы Дмитриевка ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы болып жұмыс істеді. Бородулиха аудандық аумақтық сайлау комиссиясының шешімі негізінде 2020 жылдың маусымынан тамыз айына дейін Бородулиха ауданының Дмитриевка ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарды. 2020 жылдың 19 тамызынан бастап Бородулиха ауданы әкімінің өкімімен ШҚО Бородулиха ауданы Дмитриевка ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды.





