
Мұқатаев Жәнібек Қайратұлы
Абай облысы Семей қаласы әкімнің орынбасары
Өмірбаян
Мұқатаев Жәнібек Қайратұлы 1989 жылғы 28 шілдеде Абай облысында Семей қаласында дүниеге келген. Жоғары білімі бар: Семей құқық және бизнес колледжін «Құқықтану» мамандығы бойынша, Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетін «Юриспруденция» мамандығы бойынша, академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетін «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2012 жылғы қараша айында Астана қаласындағы НАК «Қазатомөнеркәсіп» АҚ Ядролық технологиялар орталығының жобалар департаментінде маман болып бастады, 2015 жылғы қазаннан 2017 жылғы маусымға дейін Семей қаласындағы «Нептун» ЖШС-нің директор қызметін атқарды. 2017 жылғы шілдеден 2017 жылғы қыркүйекке дейін Астана қаласындағы «Қамқор Локомотив» ЖШС өндірісті қамтамасыз ету бөлімінің бас менеджері болды. 2017 жылғы қыркүйектен 2019 жылғы қаңтарға дейін Астана қаласындағы «Қамқор Локомотив» ЖШС сатып алу және өндірісті қамтамасыз ету бөлімінің бас менеджері болып жұмыс істеді. 2019 жылғы қаңтардан 2022 жылғы наурызға дейін Семей қаласындағы «Бастион-Эскорт» күзет ұйымы ЖШС-нің бас директоры болды. 2022 жылғы наурыздан тамызға дейін Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының кәсіпкерлік бөлімінің басшысы болды. 2022 жылғы тамыздан 2023 жылғы мамырға дейін Абай облысы кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды. 2023 жылғы 12 мамырдан бастап Абай облысы Семей қаласы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.



