
Исажанов Қуат Қайырбекұлы
Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Қуат Қайырбекұлы 1989 жылы қазіргі Абай облысы Ақсуат ауданында дүниеге келген. 2011 жылы Семей мемлекеттік педагогикалық институтын «Дене шынықтыру және спорт пәні мұғалімі», 2015 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдады.
Еңбек жолын 2010 жылы «Семей қаласының волейбол клубында» ойыншы ретінде бастаса, 2011–2012 жылдары Алматы қаласындағы кәсіби лицейде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді.
2012–2018 жылдар аралығында Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінде бас маман қызметін атқарды.
2019–2020 жылдары «Adil Lex» ЖШС заң фирмасының директоры болды.
Сонымен қатар 2019-2022 ШҚО адвокаттар алқасының мүшесі, 2022 жылдан 2025 жылдың сәуіріне дейін Абай облысының адвокаттар алқасының мүшесі болып, адвокаттық қызмет атқарды.
2025 жылдың сәуір айынан бастап арнайы тексеру нәтижелерін алғанға дейін Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды.




