
Өмірбаян
Балғаев Айболат Қуанұлы 1984 жылы Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Шетпе ауылында дүниеге келген. 2001 жылы А.Меңдалыұлы атындағы №3 орта мектепті, 2006 жылы Ақтау қаласындағы Ш.Есенов атындағы мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
2006 жылы ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Маңғыстау облысы бойынша басқармасының бас маманы.
2007 жылы Маңғыстау аудандық Полиция бөлімінің инспекторынан бастап басшылық лауазымына дейін қызмет атқарған.
2024 жылдан бастап Маңғыстау аудандық Полиция бөлімінен зейнеткерлікке шыққан.


