
Тажимуханов Батырбек Тулегенович
Басқарма басшысының м.а
Өмірбаян
Тажимуханов Батырбек Тулегенович 1983 жылы 4 желтоқсанда туылған.
Еңбек жолын 2005 жылдың қыркүйегінен бастап «Бейнеу жастар орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында маман қызметінен бастаған.
2007 жылдың сәуір айында «Бейнеу аудандық білім беруді үйлестіру орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына маман болып қызмете қабылданған.
2007 жылдың мамыр айында «Бейнеу аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне ауысу тәртібімен сарапшы лауазымына тағайындалған.
2009 жылдың тамыз айынан бастап 2012 жылдың желтоқсан айына дейінгі аралықта осы бөлімде бас маман қызметін атқарып, 2012 жылдың желтоқсан айында ауысу тәртібімен «Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесіне бас маман қызметіне орналасқан.
2017-2021 жылдары аралығында аталған Басқармада бөлім басшысы қызметін атқарған.
2022 жылдың сәуір айынан бастап 2023 жылдың наурыз айына дейінгі аралықта «Жаңаөзен қалалық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы қызметін атқарған.
2023 жылдың наурыз айынан бастап «Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінде басқарма басшысының орынбасары қызметін атқарған.
2025 жылдың наурыз айынан бастап «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінде басқарма басшысының орынбасары қызметін атқарып келеді.