Сағидуллаев Серік Аманбайұлы

    Ұлытау облысы ТЖД бастығының орынбасары

    Сағидуллаев Серік Аманбайұлы
    Заместитель начальника

    Сағидуллаев Серік Аманбайұлы

    Ұлытау облысы ТЖД бастығының орынбасары

    Өмірбаян

    Сағидуллаев Серік Аманбайұлы 1976 жылы 23 шілдеде Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласында дүниеге келген. 1998 жылы Жезқазған кен-металлургия институтын, 2004 жылы Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін аяқтаған.

    Мемлекеттік қызметте 2019 жылдан бастап еңбек етеді.

    2019–2020 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Қарағанды облысы бойынша Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті департаментінің Жезқазған өңірі бойынша түсті металлургияның тау-кен өндірісі саласындағы мемлекеттік бақылау бөлімі бас маманы (Қарағанды қ.).

    2020–2021 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Қарағанды облысы бойынша Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті департаментінің (Сәтбаев қ.) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау бөлімінің бас маманы.

    2021–2022 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Қарағанды облысы бойынша Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті департаментінің (Жезқазған қ.) салааралық бақылау бөлімінің басшысы.

    2022–2023 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Ұлытау облысы бойынша Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті департаментінің (Жезқазған қ.) салааралық бақылау бөлімінің басшысы.

    2023–2024 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Ұлытау облысы бойынша Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті департаментінің (Жезқазған қ.) салааралық бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы.

    2024–2025 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің тау-кен металлургия өнеркәсібіндегі мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасының бас сарапшысы (Астана қ.).

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері