Жүнісов Даурен Хабдолданұлы

    Басқарма басшысы

    Жүнісов Даурен Хабдолданұлы
    Руководитель управления

    Жүнісов Даурен Хабдолданұлы

    Басқарма басшысы

    Өмірбаян

    1979 жылғы 04 тамызда Алматы облысы, Көксу ауданы, Бесқайнар ауылында дүниеге келген.

    2001 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін «Қазақстан тарихы» мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 2001 жылы Көксу ауданы С. Қырықбаева атындағы орта мектепте тарих пәнінің мұғалімі болып бастаған. 2003 жылдан бастап Көксу ауданы Бесқайнар орта мектебінде тарих пәнінің мұғалімі, кейін директордың орынбасары болып жұмыс жасады.

    2006 жылы Көксу ауданы Мұқаншы орта мектебінің директоры лауазымына тағайындалып, 2008-2009 жылдары Балпық би кентінің Қазақ орта мектеп-гимназиясының директоры лауазымында қызмет атқарды.

    2009 жылдан бастап мемлекеттік қызметке орналасып, Алматы облысы әкімінің аппараты Ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы, Іле аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы, Іле ауданы әкімінің орынбасары, Алматы облысы білім басқармасының басшысы лауазымдарында қызмет атқарды.

    Әр жылдары «Жөндеу құрылыс» ЖШС бас директорының орынбасары, «Ұлжан» ЖШС директорының орынбасары, «Ақ бұлақ» Алматы облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасы болып жұмыс жасады.

    2025 жылдың 20 наурызынан бастап Жетісу облысы білім басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.

    Үйленген, үш балалы.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері