
Жақыпбеков Дулат Бекбосынұлы
Байзақ ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Жақыпбеков Дулат Бекбосынұлы 1965 жылы Жамбыл облысы, Свердлов ауданы, Жаңатұрмыс ауылында дүниеге келген.
Ұлты – қазақ, білімі – жоғары. 1990 жылы Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын «Тұрмыстық қызмет көрсетудің экономикасы мен ұйымдастырылуы» мамандығы бойынша аяқтаған.
1992-1993 жылдары Свердлов аудандық байланыс торабының экономисті, 1993-2005 жылдар аралығында Свердлов ауданы бойынша салық инспекциясының салық инспекторы, салық инспекциясының заңды тұлғалардың табысына салық салу бөлімінің бастығы, салық инспекциясының салық түсімдерін есепке алу, ағымдағы талдау және компьютерлендіру бөлімінің бастығы, салық комитетінің мәжбүрлеп-өндіру бөлімінің бастығы, салық комитетінің салық төлеушілермен жұмыс жүргізу бөлімінің бастығы, салық комитетінің аудит бөлімінің бастығы, салық комитетінің салық есептілігін қабылдау және оны өндеу бөлімінің бастығы қызметтерін атқарған.
2005 жылы Байзақ ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі бастығының орынбасары, 2005-2008 жылдары Байзақ ауданы әкімі аппаратының басшысы, 2008-2023 жылдары Байзақ ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығы, 2023-2025 жылдары Байзақ ауданы әкімінің орынбасары болып еңбек етті. 2025 жылы 25 ақпаннан бастап Байзақ ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.
Үйленген, отбасында 4 бала тәрбиелеп отыр.
«AMANAT» партиясының мүшесі.





