
Идрисов Саламат Нұрмұханұлы
Атырау облыстық мәслихатының депутаты
Өмірбаян
Идрисов Саламат Нұрмұханұлы 1974 жылы 9 ақпанда Гурьев облысы (қазіргі Атырау) Индер ауданы, Өрлік ауылында дүниеге келді.
Білімі - жоғары, 1996ж. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті «Математика және информатика» мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолын 1996 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «Информатика негіздері және есептеуіш техника» кафедрасында оқытушы болып бастады.
1998 ж. - «Информатика және оқытудағы жаңа ақпараттық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы
2000 ж. – университет типографиясының директоры, сол жылы желтоқсан айында қайта құрылған Жаңа ақпараттық технологиялар орталығы Полиграфия бөлімінің меңгерушісі
2003 ж.- Жаңа ақпараттық технологиялар орталығының директоры
2009 ж. - Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультетінің деканы
2011 ж. - Ақпараттық технологиялар орталығының директоры
2012 ж. - Қашықтықтан оқыту факультеті деканы
2013 ж. - Әкімшілік-шаруашылық департаменті директоры, Қашықтықтан оқыту факультеті деканы
2015 ж. - Қашықтықтан оқыту факультеті деканы
2016 ж. - 2019 ж. - Ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры
2019 жылдың 31 желтоқсаннан бастап Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ректоры
2020 ж "Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті" КеАҚ Басқарма төрағасы - ректоры2020 ж "Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті" КеАҚ Басқарма төрағасы - ректоры "Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті" КеАҚ Басқарма төрағасы - ректоры





