
Ерекешов Айбар Асқарұлы
Атырау облыстық мәслихатының депутаты, Аграрлық сала, жер пайдалану, кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы
Өмірбаян
1988 жылы 29 маусымда Атырау облысында дүниеге келген.
2006 жылы Атырау политекникалық колледжін экономист-бухгалтер, 2009 жылы Атырау мұнай және газ институтын есеп және аудит бакалавры, 2011 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің құқықтану бакалавры бойынша мамандықтарын бітірді.
2006 жылы ТОО «Заман Групп», 2007 жылы Атырау қалалық №21 орта мектепте есепші, 2007-2011 жылдар аралығында Атырау облысы бойынша салық комитетінде мемлекеттік қызметші болып жұмыс атқарған.
2011 жылдан бері «Ойтаң» шаруа қожалығының атқарушы директоры.
2023 жылдан бері Атырау облыстық мәслихатының депутаты.




