
Арыстан Қадыржан Бақтығалиұлы
Атырау облыстық мәслихатының депутаты
Өмірбаян
1958 жылы Құрманғазы ауданында дүниеге келген. 1979 жылы Гурьев педагогикалық институтының физика-математика факультетін, 1988 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын экономист мамандығы бойынша бітірген.
Әр жылдары орта мектепте физика пәнінің мұғалімі, аудандық комсомол комитетінің хатшысы, Теңіз аудандық агроөндірістік бірлестігінің экономисі, Киров атындағы кеңшардың бас экономисі, директордың орынбасары, серіктестік директоры болып жұмыс жасаған.
2001-2007 жылдары аралығында Атырау об-лыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы, департамент директоры лауазымдық қызметтерінде болды. 2008 жылдан осы жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты аппаратының Аграрлық мәселелер және қоршаған ортаны қорғау комитетінің байланыс жөніндегі бөлімінде, Табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитеті бөлімінде бас консультант, кейін Атырау облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.
"Ауыл" ХДПП-ның Атырау облысы бойынша өңірлік филиал төрағасы.





