Өмірбаян
Молдаш Хавдрасал 1983 жылдың 03 сәуірде Монголия республикасы Ховд қаласында дүниеге келген.
2002 жылы Қарағанды облысы Осакаров ауданы Сарыөзек ауылы №21 орта мектебін бітірді. 2002 жылдан 2006 жылға дейңн Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде «Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша оқыды.
21.08.2006-21.11.2006 ж. Осакаров ауданы ішкі саясат бөлімінің бас маманы болып жұмыс атқарды.
23.11.2006-23.11.2007 ж. ҚР қарулы күштерінде мерзімді әскери қызметте болды.
01.08.2008-01.04.2011ж Молодежный кенті мәдени-сауық орталығында дыбыс режиссеры болып жұмыс атқарды.
01.04.2001-29.09.2021ж. Молодежный кенті мәдени-сауық орталығы мәдени ұйымдастырушы болып жұмыс атқарды.
29.09.2021-30.09.2022 ж. Молодежный кенті мәдени-сауық орталығы бөлімі жетекшісінің міндетін атқарушы болып жұмыс атқарды.
30.09.2022-21.02.2025 ж. Молодежный кенті мәдени-сауық орталығы бөлімінің жетекшісі болып жұмыс атқарды.
2025ж. 24.02. бастап бүгінгі күнге дейін Қарағанды облысы Осакаров ауданының Ақбұлақ ауылдық округінің әкімі болып жұмыс істейді.
Отбасы жағдайы: үйленген, бес баласы бар.
