Омарханов Бахыт Керимбаевич

    Шымкент қаласының жер қатынастары басқарма басшысының орынбасары

    Омарханов Бахыт Керимбаевич
    Заместитель руководителя

    Омарханов Бахыт Керимбаевич

    Шымкент қаласының жер қатынастары басқарма басшысының орынбасары

    Өмірбаян

    Омарханов Бахыт Керимбаевич 1968 жылы 26 қазанында Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары.1985 жылы ОҚО, Шымкент қаласының Қазақ химия-технологиялық институтының «Жанар май және көмірсутек шикізаттарының химиялық технологиясы » факультетіне оқуға түскен.1988-1992 жылдары аралығында Қазақ химия-технологиялық институтының «Инженер химик-технолог» мамандығы бойынша білім алған.1998 жылы Қырғыз мемлекеттік Ұлттық университетінің сыртқы оқу бөліміне оқуға түсіп, « Юриспруденция » мамандығын 2001 жылы тәмәмдаған.

    Еңбек жолын 1986 жылы сәуір-желтоқсан айлары аралығында Шымкент қаласы облыстық есеп орталығы статистикалық басқармасында жұмысшы ретінде еңбек өтімін бастаған.

    1986 жылы желтоқсан айында әскерге шақырылып, 1988 жылы қараша айына дейін Кеңес Одағының Тынық мұхиты әскери-теңіз флотында әскери борышын өтеген.

    2002-2003 жж. ОҚО жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетінің Шымкент филиалында заңгер кеңесші қызметін атқарған.

    2004-2006 жж. - ОҚО жер ресустарын басқару жөніндегі комитетінің маманы.

    2006-2016 жж. - Шымкент қаласының жер қатынастары бөлімі учаскелерін беру туралы ұсыныстар мен шешімінің жобаларын дайындау және қайтарып алу бөлімінің бас маманы, бөлімінің бастығы, жеке тұрғын үй құрылысы секторының меңгерушісі.

    2016-2020 жж. - Шымкент қаласының жер қатынастары бөлім басшысының орынбасары лауазымы қызметі.

    2020-2023 жж. Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының жер комиссиясының жұмысын ұйымдастыру бөлімінің басшысы, қайта құрылымдауға рұқсат құжаттары мен үлестік қатысу шарттарын әзірлеу бөлімінің басшысы қызметін атқарған.

    2023-2024 жж. Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының заңсыз құрылыс, қайта құрылымдау, үлестік құрылыс және аукцион бөлімінің басшысы.

    2024 жылы 11 қыркүйектен бастап, Шымкент қаласы сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары қызметіне кірісті.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері