
Ғабдуллин Мақсұт Мубаракұлы
Белағаш ауылдық округінің әкімі
Өмірбаян
1985 жылы 21 қазанда Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Юбилейный ауылында дүниеге келген. Ұлты-қазақ. Үйленген. Білімі-кәсіптік орта. 2004 жылы Р.Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжін салық ісі мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2004 жылдан бастап Семей қаласындағы "Алтын төбе" тау-кен барлау науқанында сынама іріктеуші болып жұмыс істеді, 2005 жылдан бастап "ШҚО Бородулиха ауданы Белағаш ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ жастар практикасынан өтті, 2007 жылдан бастап ШҚО, Белағаш ауылында "Авантаж Ойл" ЖШС жіберу және қабылдау бойынша оператор болып жұмыс істеді, 2009 жылдан бастап ШҚО Семей қаласындағы "Данк" ЖШС сорғы станциясының машинисі, 2012 жылдан бастап "ШҚО Бородулиха ауданы Белағаш ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ жетекші маманының міндетін атқарды, 2012 жылғы 20 желтоқсаннан бастап "ШҚО Бородулиха ауданы Белағаш ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ жетекші маманы болып тағайындалды, 2014 жылдан бастап "ШҚО Бородулиха ауданы Белағаш ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ бас маманы болып тағайындалды, 2019 жылдан бастап Семей қаласы "Жүк тасымалдаушы" ҚТЖ поездарының қозғалыс жылдамдығын реттеуші болып жұмыс істеді, 2020 жылдан бастап ШҚО, Бородулиха ауылында жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің статистигі болып жұмыс істеді, 2020 жылдың 3 қыркүйегінен бастап ШҚО, Бородулиха ауылында жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің жетекші маман міндетін атқарды, 2020 жылғы 4 қарашадан бастап ШҚО, Бородулиха ауылында жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің жетекші маманы болып тағайындалды, 2022 жылдан бастап ШҚО, Бородулиха ауылы жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бас маманы болып тағайындалды, 2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Белағаш ауылдық округінің әкімі болып жұмыс істейді.





