
Дарбузов Талгатбек Калиевич
Маңғыстау облысының балық шаруашылығы басқармасының"Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі қызмет" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы
Өмірбаян
Дарбузов Талғатбек Қалиұлы 1979 жылдың 23 маусымында Қызылорда облысы, Қазалы ауданында дүниеге келген.
2010 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қарағанды заң институтын «заңгер» мамандығы бойынша аяқтады. Білімі жоғары.
Полиция майоры арнайы атағы берілген.
1999 жылдың 17 қарашасынан бастап 2001 жылдың 26 қазанына дейін Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарында әскери қызмет атқарды.
2001 жылдың 5 қарашасынан бастап 2019 жылдың желтоқсан айына дейін ішкі істер органдарында әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарды. Атап айтқанда, Маңғыстау облысы бойынша УССО құрылымында полиция ротасының кіші инспектор-көмекшісі, инспектор-көмекшісі, аға маман, кадр және тәрбие жұмысы бөлімінің инспекторы, материалдық-техникалық қамтамасыз ету тобының инспекторы, полиция қызметін басқару инспекторы, сондай-ақ әскери және арнайы жабдықтау бөлімінің бастығы лауазымдарын атқарған.
2018 жылдың 21 қарашасынан бастап Маңғыстау облысы полиция департаментінің әскери және арнайы жабдықтау бөлімінің бастығы қызметін атқарды.
2024 жылдың 08 ақпанынан бастап Маңғыстау облысының балық шаруашылығы басқармасының "Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі қызмет" коммуналдық мемлекеттік мекекемесі басшысының орынбасары лауазымына қабылданды.
2025 жылдан бастап Маңғыстау облысының балық шаруашылығы басқармасының "Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі қызмет" коммуналдық мемлекеттік мекекемесі басшысы қызметін атқарып келеді.


