
Жампеисов Рауан Асылханұлы
Самар ауданы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі
Өмірбаян
1983 жылы 15 мамырда Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Теректі-Бұлақ ауылында дүниеге келген.
2005 жылы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін "тарих" мамандығы бойынша;
2009 жылы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін "мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандығы бойынша тәмәмдаған.
Еңбек жолын Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Кожохово ауылдық округі әкімінің аппаратында маман-салық инспекторы болып бастады (2006);
Глубокое ауданы әкімі аппаратының АҚ және ТЖ бойынша аудан әкімінің көмекшісі (2013);
Глубокое ауданы ішкі саясат бөлімінің бас маманы (2014); Глубокое ауданының ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары (2015);
Глубокое ауданы Кожохово ауылдық округінің әкімі (2015-2017).
Глубокое ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы (2017-2023).
17.05.2023 - 31.01.2024 жылдар аралығында - Шығыс Қазақстан облысының қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары.
01.02.2024 - 02.07.2024 жылдар аралығында - Шығыс Қазақстан облысының қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары.
03.07.2024-02.04.2025 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары.
2025 жылғы 3 сәуірден бастап Самар ауданы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды.