Беркімбаев Берік Серікұлы

    Шымкент қаласы әкімінің орынбасары

    Беркімбаев Берік Серікұлы
    Заместитель акима

    Беркімбаев Берік Серікұлы

    Шымкент қаласы әкімінің орынбасары

    Өмірбаян

    1980 жылғы 1 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласында туылған.

    2001 жыл - Қазақ мемлекеттік заң академиясы, 2015 жыл - Шеффилд университетін бітірген.

    03.10.2001 - 12.04.2010 ж.ж. - Прокуратура органдарында қызмет атқарған;

    13.04.2010 - 11.10.2010 ж.ж. - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттар әкімшілігі комитетінің атқарушылық іс жүргізуді ұйымдастыру департаментінің директоры, Астана қаласы;

    12.10.2010 - 22.04.2011 ж.ж. - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот актілерін орындау комитетінің атқарушылық іс жүргізуді қамтамасыз ету және өтініштерін қарау басқармасының бастығы, Астана қаласы;

    22.04.2011 - 17.09.2015 ж.ж. - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот актілерін орындау комитеті Ақмола облысының сот актілерін орындау департаментінің бастығы, Көкшетау қаласы;

    17.09.2015 - 27.11.2015 ж.ж. - Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Ақмола облысының Әділет департаменті басшысының орынбасары, Көкшетау қаласы;

    27.11.2015 - 10.08.2016 ж.ж. - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау департаментінің төрелік талқылауына дейінгі басқарманың сарапшысы, Астана қаласы;

    10.08.2016 - 15.02.2017 ж.ж. - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау департаменті директорының орынбасары, Астана қаласы;

    15.02.2017 - 25.07.2018 ж.ж. - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Ақтөбе облысының Әділет департаментінің басшысы, Ақтөбе қаласы;

    26.07.2018 - 03.02.2019 ж.ж. - Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі кадр қызметі департаментінің директоры, Астана қаласы;

    04.02.2019 - 28.07.2021 ж.ж. - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры, Астана қаласы;

    29.07.2021 - 21.11.2021 ж.ж. - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Стратегиялық жоспарлау және жобалық басқару департаментінің директоры, Нұр-Сұлтан қаласы;

    21.11.2021 - 20.01.2022 ж.ж. - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМҚК директорының орынбасары, Нұр-Сұлтан қаласы;

    20.01.2022 - 01.02.2023 ж.ж. - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары, Астана қаласы;

    01.02.2023 - 02.05.2023 ж.ж. - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының хатшылығының меңгерушісі, Астана қаласы;

    02.05.2023 - 22.09.2025 ж.ж. - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, Астана қаласы;

    22.09.2025 б.к. дейін Шымкент қаласы әкімінің орынбасары, Шымкент қаласы.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері