Ғазизов Қуаныш Серікұлы

    «Көкшетау қаласының тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы» мемлекеттік мекемесі

    Ғазизов Қуаныш Серікұлы
    Руководитель отдела

    Ғазизов Қуаныш Серікұлы

    «Көкшетау қаласының тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы» мемлекеттік мекемесі

    Өмірбаян

    Ғазизов Қуаныш Серікұлы 1988 жылғы 21 қазанда Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Чистоковка ауылында дүниеге келген.

    2012 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған.

    Еңбек жолын 2004 жылы Щучинск қаласындағы Ш.Уәлиханов атындағы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадет корпусына оқуға түсіп бастаған.

    2007 жылдың қазан айынан 2008 жылға дейін Астана қаласында орналасқан Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Аэромобильді әскерлерінің 68665 әскери бөлімінде әскери қызметте болды.

    2010–2019 жылдар аралығында Көкшетау қаласындағы 5510 әскери бөлімінде келісімшарт негізінде әскери қызмет атқарған.

    2019 жылғы қыркүйек–қазан айларында Зеренді ауданы әкімінің аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмысы бөлімінің бас маманының міндетін атқарушы болып жұмыс істеген.

    2019 жылғы қазан айынан 2020 жылғы ақпанға дейін Зеренді ауданы әкімінің аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмысы бөлімінің бас маманы қызметін атқарған.

    2020 жылғы ақпан–сәуір айларында Көкшетау қаласы әкімінің аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеген.

    2020 жылғы сәуірден 2021 жылғы тамызға дейін — Көкшетау қаласы әкімінің аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас инспекторы.

    2021 жылғы қыркүйектен 2023 жылғы наурызға дейін — Көкшетау қаласы әкімінің аппаратының бас инспекторы.

    2023 жылғы наурыз–желтоқсан айларында — Көкшетау қаласы әкімінің аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің басшысы.

    2023 жылғы желтоқсаннан 2024 жылғы наурызға дейін — «Көкшетау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы.

    2024 жылғы сәуір–шілде аралығында — «Көкшетау қаласы әкімінің аппараты» ММ құжаттамалық қамтамасыз ету және өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің басшысы.

    2024 жылғы шілдеден 2025 жылғы қаңтарға дейін — «Көкшетау қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ басшысының орынбасары.

    2025 жылғы 5 қаңтардан 15 маусымға дейін — «Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысының орынбасары.

    2025 жылғы 16 маусымнан бастап «Көкшетау қаласының тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы қызметіне тағайындалды.