Махамбетов Мейрамбек Жанбулатович

    "Ақтөбе облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы" ММ басшысы

    Махамбетов Мейрамбек Жанбулатович
    Басшы

    Махамбетов Мейрамбек Жанбулатович

    "Ақтөбе облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы" ММ басшысы

    Өмірбаян

    1989 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген, білімі – жоғары: 2011 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Аймақтану», 2014 жылы «Көкше» академиясын «Дене шынықтыру және спорт» мамандықтары бойынша тәмамдаған.

    Еңбек жолын:
    ➤2011-2014 жылдары ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитетінің құқықтық қамтамасыз ету және әкімшілендіру басқармасының сарапшысы, ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің Денешынықтыру департаментінің бұқаралық спортты дамыту басқармасының сарапшысы және бас сарапшысы болып жұмыс істеген.

    ➤ 2014-2018 жылдары ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің бұқаралық және олимпиадалық емес спорт түрлерін дамыту басқармасының бас сарапшысы, әкімшілік және кадр жұмысы басқармасының басшысы, қысқы спорт түрлері басқармасының басшысы болып қызмет еткен.

    ➤ 2018-2020 жылдары Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт, Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармаларын басқарған.

    ➤ 2020-2024 жылдары ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің Ұлттық спорт түрлері және спорттағы мүмкіндіктері шектеулі адамдармен жұмыс жөніндегі басқармасының басшысы, Дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған спорттық даярлау орталығының директоры, Қазақстанның кәсіби футбол лигасының атқарушы директоры қызметтерін атқарған.

    ➤ 2024 жылдың қаңтар айынан бастап Республикалық сурдо футбол және футзал федерациясының Президенті қызметін атқарып келді.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері