
Мусабеков Бейбут Канапиевич
Руководитель отдела
Өмірбаян
Мусабеков Бейбут Канапиевич 1972 жылы дүниеге келген, 2 жоғары білімі бар. 1994 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институтын орман және саябақ шаруашылығы мамандығы бойынша тәмамдаған. 2011 жылы Алматы Туран университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1994 жылы Қазақ орман шаруашылығы және агромелиорация ғылыми-зерттеу институтында ғылыми қызметкер ретінде бастаған, 2001 жылға дейін Алматы қаласында жеке коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеген.
2001 жылдан 2012 жылға дейін Іле ауданы әкімі аппаратының қызметкері болған. 2012 жылдан 2022 жылға дейін Алматы облысы әділет органдарында, Еңбекшіқазақ ауданы әділет басқармасының басшысы, сондай-ақ Іле ауданының аға сот орындаушысы қызметтерін атқарған.
2022 жылдан қазіргі уақытқа дейін Алматы облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімінің бас инспекторы, Алматы облысы әкімі аппаратының протокол бөлімінің бас инспекторы болып жұмыс істеген. Кейін Алматы облысы Жер қатынастары басқармасының жер кадастры және мониторингі бөлімінің басшысы қызметін атқарды.