
Джангалиева Алия Гимрановна
Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының ана мен бала денсаулығын сақтау жөніндегі орынбасары
Өмірбаян
Джангалиева Алия Гимрановна 2005 жылы Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясының «Емдеу ісі» мамандығын, 2009 жылы Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясының «Акушерство және гинекология» мамандығын тәмәмдаған.
Алғаш еңбек жолын 2006 жылы Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясының Акушерлік және гинекология кафедрасында дәрігер-лаборант болып бастаған.
04.09.2008-07.09.2009 жылдар аралығында М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің гинекология бөлімшесінің кезекші дәрігері;
07.09.2009-30.06.2022 жылдар аралығында Ақтөбе облыстық перинаталдық орталығында дәрігер акушер-гинеколог;
01.07.2022-19.06.2024 жылдар аралығында Ақтөбе облыстық перинаталдық орталығында кеңес беру диагностикалық бөлімшесінің меңгерушісі;
19.06.2024-18.03.2025 жылдар аралығында Ақтөбе облыстық психикалық денсаулық орталығында бас дәрігердің орынбасары;
28.03.2025-01.07.2025 жылдар аралығында Атырау облыстық перинаталдық орталығында дәрігер акушер-гинеколог;
01.07.2025-28.09.2025 жылдар аралығында Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасында басқарма басшы орынбасарының м.а.;
29.09.2025-қазіргі уақытқа дейін Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасында басқарма басшысының орынбасары қызметін атқарып келеді.

