
Есенжолов Ергали ҚАБДОЛЛАҰЛЫ
почетный гражданин
Өмірбаян
1970 жылы Н. К.Крупская атындағы Семей мемлекеттік педагогикалық институтын "Математика"мамандығы бойынша үздік бітірді. 1975 жылы Семей облысының ауыл мектебінде мұғалім болып жұмыс істеді. 1981 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының аспирантурасын "Математиканы оқыту әдістемесі" мамандығы бойынша бітіріп, педагогика мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғады.Еңбек жолын 1970 жылы Семей облысы Жаңасемей ауданы Изатолла ауылындағы Абай атындағы орта мектепте математика пәнінің мұғалімі болып бастаған. 1971-1972 жылдары Кеңес Армиясы қатарында қызмет етті. 1972-1975 жылдары Семей облысы Жаңасемей ауданы Знаменка ауылының орта мектебінде мұғалім болып жұмыс істеді.1975 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін осы Шәкәрім университетімен байланысты, оқытушыдан проректорға дейін. Өз біліктілігін теориялық және ғылыми-әдістемелік деңгейде жетілдіреді. Республикалық және халықаралық конференцияларда үнемі ғылыми баяндамалар жасайды. 50-ден астам ғылыми жарияланымдары, оның ішінде 4 оқу-әдістемелік құралдары бар.Білім беру және тәрбие процестерін ұйымдастырудағы және жетілдірудегі сіңірген еңбегі үшін, оқытушы кадрларды даярлаудағы елеулі жетістіктері үшін "ҚР Білім беру ісінің үздігі", "ҚР құрметті қызметкері", "Ы.Алтынсарин" төс белгілерімен марапатталған.





