Досполова Жайсанкүл Амангелдіқызы

    Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары

    Досполова Жайсанкүл Амангелдіқызы
    Заместитель руководителя управления

    Досполова Жайсанкүл Амангелдіқызы

    Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары

    Өмірбаян

    Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының қаржы-экономикалық даму жөніндегі орынбасары тағайындалды

    Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының қаржы-экономикалық даму жөніндегі орынбасары қызметіне Досполова Жайсанкүл Амангелдіқызы тағайындалды.

    Жайсанкүл Досполова 1972 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары. 1998 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Өнеркәсіп экономикасы және менеджменті» мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 1995 жылы Шымкент облысы, Төлеби аудандық халықты әлеуметтік қорғау бөлімінде бас маман болып бастаған.

    2000-2004 жыл аралығында Маңғыстау облыстық еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы, аз қамтамасыз етілген азаматтарға әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу бөлімінің бас маманы қызметін атқарған.

    2004-2005 жылдары Маңғыстау облыстық еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы, атаулы әлеуметтік көмек мәселелері жөніндегі бөлім басшысы.

    2005-2008 жыл аралығында Маңғыстау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті, әлеуметтік нормативтер мен әлеуметтік көмек бөлімінің басшысы қызметінде болды.

    2008 жылы Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті, әлеуметтік бағдарламалар және мүгедектерді оңалту бөлімінің бас маманы.

    2008-2009 жыл аралығында Маңғыстау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, әлеуметтік бағдарламалар және мүгедектерді оңалту бөлімінің бас маманы болып жұмыс атқарды.

    2009-2010 жыл аралығында Маңғыстау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, экономика, бюджеттік жоспарлау және мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы.

    2010-2011 Маңғыстау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, экономика, бюджеттік жоспарлау және мемлекеттік сатып алу бөлімі басшысының міндетін атқарушы болды.

    2011-2018 жыл аралығында Маңғыстау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, экономика және мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру бөлімінің басшысы.

    2018-2019 жыл аралығында Маңғыстау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының әлеуметтік оңалту және қызметтер бөлімінің басшысы.

    2019 жылы Маңғыстау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы әлеуметтік қызметтерді үйлестіру бөлімінің басшысы.

    2019 жылдан қазіргі уақытқа дейін Маңғыстау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері