Ахмедов Ирсали Ирисдавлетович

    Астана қаласы бойынша ҚАЖ Департаменті бастығының орынбасары

    Ахмедов Ирсали Ирисдавлетович
    Заместитель начальника

    Ахмедов Ирсали Ирисдавлетович

    Астана қаласы бойынша ҚАЖ Департаменті бастығының орынбасары

    Өмірбаян

    2000–2004 жылдары М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде білім алған.

    Еңбек жолын 2006 жылы қаржы полициясы органдарында бастап, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаментінің Жедел қызмет арнайы басқармасының барлау-іздестіру жұмыстары бөлімінің инспекторы қызметін атқарды. Кейінгі жылдары кадр және тәрбие жұмыстары бөлімдерінде, сондай-ақ іздестіру және жедел-іздестіру қызметін ұйымдастыру бағытында инспектор және аға инспектор лауазымдарында қызмет атқарды.

    2009–2012 жылдары Маңғыстау облысы бойынша Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаментінде қызмет етіп, аса маңызды істер жөніндегі аға инспектор, барлау-іздестіру жұмыстары бөлімінің бастығы және Жедел қызмет арнайы басқармасы бастығының орынбасары лауазымдарын атқарды.

    2012–2014 жылдары ішкі істер органдарының кадрлық және өзіндік қауіпсіздік бөлімшелерінде, атап айтқанда Оңтүстік Қазақстан облысы және Астана қаласы Ішкі істер департаменттерінде инспектор және аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл қызметтерін атқарды.

    2014–2017 жылдары Астана қаласы Ішкі істер департаменті Өзіндік қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары — жедел бөлім бастығы қызметін атқарды.

    2017–2019 жылдары Көліктегі ішкі істер департаменті мен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Өзіндік қауіпсіздік басқармаларын басқарды.

    2019–2022 жылдары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Өзіндік қауіпсіздік департаментінде қызмет атқарып, аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл және Жедел басқарма бастығының орынбасары лауазымдарын атқарды.

    2022 жылы Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің 2-жедел басқармасының басшысы болып тағайындалды.

    2023–2024 жылдары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінде аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл қызметін атқарып, аса қауіпті қылмыстарға қарсы іс-қимыл және ұйымдасқан қылмысты қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бағыттарында жұмыс жүргізді.

    2024 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарады.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері