Байхожаев Берікбол Ұзақұлы

    Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі

    Представитель

    Байхожаев Берікбол Ұзақұлы

    Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі

    Өмірбаян

    1979 жылы 13 қаңтарда дүниеге келген.

    2002 жылы “Анадолу” университетін (Түркия Республикасы), 2007 жылы “Болашақ” университетін, 2013 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген.

    Еңбек жолын 2002 жылы Астана қаласындағы “Интер-трайд” ЖШС-нің менеджері болып бастаған.

    2005 жылдың қаңтар айынан 2014 жылға дейін ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің жетекші маманы, консультанты, бөлім басшысы.

    2014 жылдың ақпан айынан 2015 жылға дейін Шиелі ауданы әкімі аппаратының басшысы.

    2015 жылдың мамыр айынан 2019 жылға дейін ҚР Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басқарма басшысы, департамент басшысының орынбасары.

    2019 жылдың тамыз айынан 2022 жылдың қазанына дейін ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі.

    2022 жылдың қазан айынан 2022 жылдың 21 қарашасына дейін Қызылорда облысы әкімі аппаратының бас инспекторы қызметтерін атқарды.

    2022 жылдың 21 қарашасынан бастап Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі болып тағайындалды.