Өтеғұлов Салауат Өтеғұлұлы

    Басшы орынбасары

    Өтеғұлов Салауат Өтеғұлұлы
    Заместитель руководителя управления

    Өтеғұлов Салауат Өтеғұлұлы

    Басшы орынбасары

    Өмірбаян

    Өтеғұлов Салауат Өтеғұлұлы 1984 жылдың 15 қазанында Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор поселкесінде дүниеге келді.

    2001 жылдың 25 маусымынан 2002 жылдың 25 тамызы аралығында «Есбол» АҚ-ның машина-тракторлық паркінде слесарь қызметін атқарды. Жоғары оқу орнына түсуіне байланысты жұмыстан босатылды.

    2002 жылдың 28 тамызынан 2006 жылдың 26 маусымы аралығында Орал қаласының Еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясының әлемдік экономика мамандығы бойынша оқуға түсіп, Халықаралық экономист мамандығын алды.

    2006 жылдың 1 тамызынан 2007 жылдың 28 қазаны аралығында Атырау облысы Дене тәрбиесі және спорт басқармасының бас маман-экономист қызметін атқарды. Ауысу тәртібімен Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментіне ауысуына байланысты атқарып отырған лауазымнан босатылды.

    Атырау облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінде:

    2007 жылдың 28 қазанынан 2008 жылдың 18 ақпаны аралығында Бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы лауазымын;

    2008 жылдың 18 ақпанынан 2008 жылдың 24 cәyipі аралығында Экономикалық талдау және жоспарлау бөлімінің бас маманы лауазымын;

    2008 жылдың 24 cәyipінен 2009 жылдың 24 желтоқсаны аралығында Экономикалық талдау және жоспарлау бөлімінің бас маманы лауазымын;

    2009 жылдың 24 желтоқсанынан 2013 жылдың 14 маусымы аралығында Ауылдық аумақтарды дамыту бөлімінің бастығы лауазымын;

    2013 жылдың 14 маусымынан 2013 жылдың 13 қыркүйек аралығында Ауылдық аумақтарды дамыту бөлімінің бастығы лауазымын;

    2013 жылдың 13 қыркүйегінен 2019 жылдың 14 шілде аралығында басқармасы басшысының орынбасары лауазымдарын атқарды. Индер ауданы аппаратына ауысуына байланысты жұмыстан босатылды.

    2019 жылдың 15 шілдесінен 2021 жылдың 25 шілдесі аралығында Индер ауданы әкімінің орынбасары, аталған жылдың 26 шілдесінен 2022 жылдың 13 қыркүйек аралығында Индер ауданы әкімі лауазымдарын атқарды. Атырау облысы Ауыл шаруашылығы басқармасына конкурс негізінде ауысуына байланысты жұмыстан босатылды.

    2022 жылдың 13 қазанынан 2024 жылдың 30 маусым аралығында Атырау облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы лауазымын атқарды. Негізгі қызметкердің жұмыстан шығуына байланысты жұмыстан босатылды.

    2024 жылдың 4 шілдесінен бастап конкурстық негізде Атырау облысы Мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасының басшы орынбасары лауазымын атқаруда.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері