
Өмірбаян
Бисенов Мирболат Бауыржанұлы 1987 жылы 15 ақпанда Батыс Қазақстан облысы Бөкейордасы ауданы Сайқын ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары. 2008 жылы қаржы мамандығы бойынша Евразия академиясын бітірген, 2010 жылы заңгер мамандығы бойынша М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген, 2016 жылы экономика мамандығы бойынша Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін бітірген.
Еңбек жолын 2009-2010 жылдары Батыс Қазақстан облысы Бөкейорда аудандық сотының жетекші маманының міндетін атқарушы болып бастаған.
2010 жылы Батыс Қазақстан облысы Бөкейорда аудандық сотының жетекші маманы .
2010-2011 жылдары Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша басқармасының Бөкейорда ауданының статист-бас маманы.
2011 жылдың мамыр айынан қыркүйек айына дейін Батыс Қазақстан облысы Бөкейорда ауданының экономика және қаржы бөлімінің бас маманы міндетін атқарушы.
2011-2015 жылдары Батыс Қазақстан облысы Бөкейорда ауданының экономика және қаржы бөлімінің бас маманы.
2015-2016 жылдары Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасының экономикалық талдау, жоспарлау және жиынтық ақпарат бөлімінің бас маманы.
2016-2019 жылдары Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасының экономикалық талдау, жоспарлау және жиынтық ақпарат бөлімінің басшысы.
2019-2020 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты талдау және бақылау бөлімінің бас инспекторы.
2020-2022 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты бақылау бөлімінің бас инспекторы.
2022 жылдың қаңтар айынан шілде айына дейін Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты ұйымдастыру-бақылау жұмыстары бөлімінің бас инспекторы.
2022 жылдың шілде айынан желтоқсан айына дейін Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты әлеуметтік – экономикалық даму бөлімінің бас инспекторы.
2022-2023 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты әлеуметтік – экономикалық даму бөлімінің басшысы.
2023 жылдың мамыр айынан қазан айына дейін Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты кәсіпкерлікті, агроөнеркәсіптік кешенді және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту бөлімінің басшысы.
2023 жылдың қазан айынан бастап Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқаруда.
Отбасылы, 2 ұл, 1 қыз тәрбиелеп отыр.


