
Аманов Бауыржан Қайроллаұлы
Басшының орынбасары
Өмірбаян
Аманов Бауыржан Қайроллаұлы, 1987 жылы туған, қазақ, білімі - жоғары.
2008 жылы – М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының экономика мамандығы бойынша, 2012 жылы – «Туран - Астана» университетінің заңтану мамандығы бойынша бітірді. 2024 жылы «Ратгерс» Нью –Джерси Мемлекеттік университетінің мемлекеттік саясат магистрі.
2008 жылдан бастап қаржылық қызметін бастап, қазіргі уақытқа дейін қаржы саласында жұмыс атқарады.
2022 жылдың наурызынан бастап Астана қаласы Қаржы басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқаруда.
Б.Қ. Аманов осы лауазымда бюджеттік инвестициялар, нақты сектор мониторингі, әлеуметтік саладағы және басқару органдарындағы бюджеттік бағдарламалардың орындалуын талдау бөлімдеріне жетекшілік етеді.

