Желдыбаев Мурат Елюбаевич

    Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Шемонаиха қаласының әкімі

    Желдыбаев Мурат Елюбаевич
    Аким

    Желдыбаев Мурат Елюбаевич

    Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Шемонаиха қаласының әкімі

    Өмірбаян

    Мурат Елюбаевич Желдыбаев 1964 жылы 5 маусымда Шығыс Қазақстан облысы, Большенарым ауданы, Большенарым ауылында, дүниеге келді. Білімі жоғары, инженер, менеджмент бакалавры, Өскемен құрылыс-жол институтын, Алматы экономика және статистика академиясын бітірді.

    Еңбек жолын 1981 жылы «Қазақстанның 40 жылдығы» совхозында автослесарь болып бастаған. 1983 жылдан 1985 жылға дейін Кеңес армиясы қатарында қызмет етті. 1989 жылдан 1993 жылға дейін Шемонаиха АТЭП операторы, учаске шебері, бас инженері болды. 1993-1999 жылдары «Шемонаиха жүк көлігі» АҚ бас инженері. 1999 жылдан 2001 жылға дейін ШҚО жолдардағы қозғалыс қауіпсіздігі қорының Шемонаиха филиалының директоры. 2001-2004 жылдары «Алтай-Мұнай» ЖШС атқарушы директоры. 2004-2010 жылдары Волчанка ауылдық округінің әкімі, Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды. 2010 жылдан бастап 2021 жылғы 13 қаңтарға дейін Шемонаиха қаласының әкімі қызметін атқарды. 2021 жылғы 14 қаңтарда жетінші шақырылған Шемонаиха аудандық мәслихатының хатшысы болып сайланды. 2023 жылғы 30 наурыздан бастап сегізінші сайланған Шемонаиха аудандық мәслихатының төрағасы болып сайланды. 2025 жылғы 13 қаңтардан бастап Шемонаиха аудандық мәслихаты төрағасының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты.

    2025 жылғы 04 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Шемонаиха қаласының әкімі болып сайланды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері