
Попов Игорь Олегович
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы
Өмірбаян
1969 жылы 3 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында дүниеге келген.
Білімі-жоғары:
- 1993 жылы Санкт-Петербург мемлекеттік теңіз техникалық университетін «инженер – электромеханик» мамандығы бойынша бітірген;
- 2001 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігінің Қарағанды жоғары мектебін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
1993 жылдан 1995 жылға дейін Солтүстік Қазақстан облыстық телерадиокомпаниясында жетекші инженер болып жұмыс істеді;
1995 жылдан 2024 жылға дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінде жұмыс істеді;
2025 жылғы 17 наурыздан бастап «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы» КММ басшысы болып тағайындалды.