Джанбекова Гульнара Хамитовна

    Представитель Уполномоченного по правам человека по Акмолинской области

    Джанбекова Гульнара Хамитовна
    Уполномоченный по правам человека

    Джанбекова Гульнара Хамитовна

    Представитель Уполномоченного по правам человека по Акмолинской области

    Өмірбаян

    Джанбекова Гүлнара Хамитқызы

    Ақмола облысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі

    Жалпы ақпарат, білімі

    Гүлнар Джанбекова 1976 жылы 20 тамызда дүниеге келген.

    1997 жылы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы гуманитарлық институтты (құқықтану) бітірген.

    Мансап

    Еңбек жолын 1997 жылы Алматы қаласы прокуратурасы Әуезов ауданы прокуратурасының Құқықтық статистика және ақпарат орталығының бас маманы болып бастады.

    1998-2005 жылдары Алматы қаласы прокуратурасының Әуезов ауданы прокурорының көмекшісі, Алматы қаласы прокуратурасының Әуезов ауданы прокурорының аға көмекшісі лауазымын атқарып келді.

    2005-2017 жылдары Алматы қаласы прокурорының кәмелетке толмағандар туралы заңдардың қолданылуын қадағалау жөніндегі көмекшісі.

    2017-2021 жылдары Алматы қаласы прокуратурасының Қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының аға прокуроры.

    2021 жылы Алматы қаласы прокурорының көмекшісі (жұмылдыру жұмысы бойынша).

    2021 жылдан 2024 жылға дейін Алматы қаласы прокуратурасының Қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының Алматы қаласы прокурорының көмекшісі, Алматы қаласы прокуратурасының Мемлекеттік айыптауды қолдау және апелляциялық сатысына қатысу басқармасының Алматы қаласы прокурорының аға көмекшісі лауазымын атқарды.

    Мінсіз қызметі үшін бірнеше рет түрлі медальдармен марапатталды, атап айтқанда «Қазақстан Конституциясына 20 жыл», «Қазақстан Конституциясына 25 жыл», «Прокуратура үздігі» I санатты, «Мінсіз қызметі үшін» III санатты, «Мінсіз қызметі үшін» II санатты, «Мінсіз қызметі үшін» I санатты, «Прокуратураның құрметті қызметкері», «Прокуратура ардагері», «Балалық шақ досы», сондай-ақ Алматы қаласы әкімінің, Алматы қаласы прокурорының, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрағасының алғыс хаттарымен және құрмет грамоталарымен марапатталған.

    2024 жылы Астана қаласы Адам құқықтары жөніндегі Ұлттық Орталық Хатшылығының құқықтық ағарту, жұртшылықпен және БАҚ-пен өзара іс-қимыл секторының бас инспекторы болып тағайындалды.

    2025 жылдың қаңтарынан бастап Ақмола облысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі болып тағайындалды.