
Досанова Раушан Серікбайқызы
Шымкент қаласы Әділет департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл
Өмірбаян
Досанова Раушан Серікбайқызы 17.05.1977 жылы ОҚО Шымкент қаласында дүниеге келген, Қазақстан Республикасының азаматы, әскери міндетсіз. Қазіргі уақытта Шымкент қаласында тұрады.
1994-1999 жылдары М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде инженер-құрылысшы мамандығы бойынша, 2001 жылдан 2003 жылға дейін Қарағанды экономикалық университетінде заңгер мамандығы бойынша білім алған.
Еңбек қызметі:
08.07.1999-26.07.2000 жж. Қызылорда облысы Шиелі ауданының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің маманыү өз еркімен жұмыстан шығарылды;
31.07.2000-05.02.2007 жж. "Оңтүстік Қазақстан облысының жылжымайтын мүлік орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының тіркеушісі Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі, Жылжымайтын мүлікті тіркеу жөніндегі функцияны Әділет департаментіне беруге байланысты жұмыстан шығарылды;
05.02.2007-05.06.2009 жж. Шымкент қаласы Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің жылжымайтын мүлік бөлімінің тіркеушісі;
05.06.2009-19.08.2009 жж. Шымкент қаласы Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің халықты құжаттандыру және тіркеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру бөлімінің жетекші маманы;
19.08.20009-03.05.2011 жж.Шымкент қаласы Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің жылжымайтын мүлікті тіркеу бөлімінің жетекші маманы;
03.05.2011-28.05.2012 жж. Астана қаласы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметтерін ұйымдастыру комитетінің жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеуді бақылау және техникалық түгендеу басқармасының сарапшысы;
28.05.2012-04.11.2013 жж. Астана қаласы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметтерін ұйымдастыру комитетінің заңды тұлғаларды тіркеу басқармасының сарапшысы;
04.11.2013-17.10.2014 жж. Астана қаласы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметтерін ұйымдастыру комитеті заңды тұлғаларды тіркеу басқармасының бас сарапшысы;
17.10.2014 -07.04.2016 жж. Астана қаласы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметтерін ұйымдастыру департаменті заңды тұлғаларды тіркеу басқармасының бас сарапшысы;
07.04.2016-20.09.2018 жж. Астана қаласы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметтерін ұйымдастыру департаменті заңды тұлғалардың қоғамдық бірлестіктерін нормативтік қамтамасыз ету және тіркеуді бақылау басқармасының басшысы;
20.09.2018 – 19.12.2019 жж. Астана қаласы Әділет Министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметтерін ұйымдастыру Департаменті жылжымайтын мүлікке құқықтарды және техникалық инвестицияларды тіркеуді нормативтік қамтамасыз ету және бақылау басқармасының басшысы;
20.12.2019-06.04.2021 жж, Астана қаласы Әділет Министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметтерін ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары;
30.10.2024-05.01.2024 жж. Астана қаласы Әділет министрлігінің дербес басқару құқығындағы жұмылдыру және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы;
05.01.2025-қазіргі уақытқа дейін Шымкент қаласы Әділет департаменті басшысының орынбасары;





