Исабеков Арман Есымханович

    Бөлім басшысы

    Исабеков Арман Есымханович
    Руководитель отдела

    Исабеков Арман Есымханович

    Бөлім басшысы

    Өмірбаян

    1981 жылы 2 мамырда Ресей Федерациясы, Қорған облысы,Шадринский ауданы, Катково ауылында дүниеге келген.

    Білімі: жоғары.

    Қостанай әлеуметтік-экономикалық колледжі, құқықтану 2003 жыл.

    «Ұлттық бизнес институты» жоғары білім берудің автономды коммерциялық емес ұйымы, Мәскеу қаласы, құқықтану, 2016 жыл.

    01.02.2004-19.06.2006 - «Қостанай облысының Әділет департаменті» ММ күзетшісі, Қостанай қаласы;

    26.06.2006 - 14.08.2006 - «Қостанай облысының Әділет департаменті Таран ауданының Әділет басқармасы» ММ маманының міндетін атқарушы, Таран ауылы;

    15.08.2006 - 04.02.2007 – «Қостанай облысының Әділет департаменті Таран ауданының Әділет басқармасы» ММ маманы, Таран ауылы;

    05.02.2007 - 10.06.2007 – «Қостанай облысының Әділет департаменті Ұзынкөл ауданының Әділет басқармасы» ММ жетекші маманы, Ұзынкөл ауылы;

    11.06.2007 - 29.06.2011 - «Қостанай облысының Әділет департаменті» ММ халықты құжаттандыру және тіркеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру бөлімінің жетекші маманы, Қостанай қаласы;

    30.06.2011 - 28.03.2012 - «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы Әділет департаменті» заңды тұлғаларды тіркеу бөлімінің жетекші маманы, Қостанай қаласы;

    29.03.2012 - 22.07.2012 - «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қостанай облысының Әділет департаменті» ММ нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімінің жетекші маманы, Қостанай қаласы;

    23.07.2012 - 08.12.2013 - «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қостанай облысының Әділет департаменті» ММ нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімінің бас маманы, Қостанай қаласы;

    09.12.2013 - 06.11.2016 - «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қостанай облысының Әділет департаменті» ММ халыққа құқықтық түсіндіру жұмысы және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің бас маманы, Қостанай қаласы;

    07.11.2016 - 04.01.2017 - «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қостанай облысы Әділет департаменті» ММ персоналмен жұмыс және ішкі қауіпсіздік бөлімінің басшысы, Қостанай қаласы;

    05.01.2017 - 30.10.2017 – «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қостанай облысының Әділет департаменті» РММ «Арқалық қаласының ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімі» филиалының сот орындаушысы, Арқалық қаласы;

    20.11.2017 - 03.07.2018 - «Әйелдерге, жасөспірімдерге және балаларға арналған әлеуметтік бейімделу орталығы» ММ кадрлар жөніндегі инспекторы, Арқалық қаласы;

    26.09.2018 - 29.11.2018 – «Қостанай облысы бойынша Соттар әкімшілігі» республикалық мемлекеттік мекемесінің «Арқалық қалалық соты» ММ кеңсесінің жетекші маманының міндетін атқарушы, Арқалық қаласы;

    30.11.2018 - 22.07.2019 – «Қостанай облысы бойынша Соттар әкімшілігі» РММ «Арқалық қалалық соты» ММ кеңсесінің жетекші маманы, Арқалық қаласы;

    23.07.2019 - 22.08.2021 - «Арқалық қаласы әкімінің аппараты» ММ жұмылдыру дайындығы, терроризмнің алдын алу, төтенше жағдайлардың алдын алу және ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы, Арқалық қаласы;

    23.08.2021 - 07.08.2024 - «Арқалық қаласы әкімінің аппараты» ММ терроризмнің алдын алу, жұмылдыру дайындығы және төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы, Арқалық қаласы;

    09.08.2024 – 27.01.2025 - «Қостанай қаласы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік құпияларды қорғау, терроризмнің алдын алу, жұмылдыру дайындығы, төтенше жағдайлар және азаматтық қорғау бөлімінің бас инспекторы, Қостанай қаласы;

    27.01.2025 бастап – осы уақытқа дейін – «Қостанай қаласы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік құпияларды қорғау, терроризмнің алдын алу, жұмылдыру дайындығы, төтенше жағдайлар және азаматтық қорғау бөлімінің басшысы, Қостанай қаласы.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері