Султангали Аблай Кайраткалиулы

    Басқарма басшысы

    Өмірбаян

    Сұлтанғали Абылай Қайратқалиұлы 1980 жылы 14 наурызда Қарағанды облысы Шет ауданы Ағадыр ауылында дүниеге келген.

    2002 жылы ҚарМТУ - транспорт көтеру-көлік құрылысы жол машиналары мен жабдықтары мамандығы бойынша бітірді. 2008 жылы - Д. А. Қонаев атындағы университет, құқықтану мамандығы бойынша. 2020 жылы – "Қарағанды техникалық университеті" КЕАҚ, Көлік құрылысы мамандығы бойынша.

    Еңбек жолын 2003 жылы Осакаровка кентінде ДТ-49 жол шебері болып бастаған.

    Әр жылдары "Қарағанды Жолдары" ЖШС Осакаровское ДЭУ 2 шебері, "Қарағанды жолдары"ЖШС ДЭУ 1 филиалының учаске бастығы, бас инженер, содан кейін бастығы болып жұмыс істеді.

    2016 жылдан 2020 жылға дейін – аудандық мәслихат депутаты.

    2019-2022 жылдары Қарағанды қаласы "Нұрлы Жол" ЖШС директоры болып жұмыс істеді.

    2022-2023 жылдары – "Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ басшысы.

    2023 – 2024 жылдары –Бұқар Жырау ауданының әкімі.

    2024 жылдың 26 қыркүйегінен бастап «Қарағанды облысының жұмылдыру дайындығы басқармасы» ММ-нің азаматтық қорғаныс бөлімінің басшысы болып тағайындалды.

    2026 жылдың 08 қаңтарынан бастап «Қарағанды облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы» ММ-нің басшысы болып тағайындалды.