
Жүсібалиев Асқар Қазиханұлы
Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы
Өмірбаян
Аты-Жөні: Жүсібалиев Асқар Қазиханұлы
Туған жылы, айы, күні: 23.08.1963 ж.
Туған жері: Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы
Мамандығы: Құқықтану, Экономист, Агроном.
Асқар Қазиханұлы 1963 жылы Ақтөбе облысының Ойыл ауданында дүниеге келген. Білімі - жоғары. 1985 жылы - Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын, 2008 жылы - Алматы экономика және статистика академиясын, 2020 жылы – Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетін тәмамдаған Еңбек жолын «Жиделі» ұжымшарының жұмысшысы болып бастаған.
Еңбек жолын 1980 жылы Ақтөбе облысының Исатай совхозында жұмысшы болып бастаған.
➤ 1985 - 1991 жж. «Ақырап» кеңшарының агрономы, Қазақстан Жастар одағы Лениндік комитетінің хатшысы, Исатай аудандық Коммунистік партия комитеті ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы, Қобда аудандық Коммунистік партия комитетінің ұйымдастыру, ауыл шаруашылығы бөлімдерінің нұсқаушысы;
➤ 1991 - 2011 жж. Қобда аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының бас агрономы, Қобда аудандық ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары, «Бестау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, Ақтөбе облыстық жер қатынастары басқармасы бастығының орынбасары, ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігінің Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық жер инспекциясының бастығы болып қызмет еткен.
➤ 2011 - 2018 жж. Қобда және Темір аудандарын басқарған.
➤ 2018-2024 жж Қарғалы ауданының әкімі қызметін атқарды.
➤ 2024 жылы Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болып қызмет етті.
➤ 2025 жылдың қаңтар айынан бастап Ақтөбе облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысы болып тағайындалды.


