Алма Саинқызы Сыдықова

    Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі

    Алма Саинқызы Сыдықова
    Уполномоченный по этике

    Алма Саинқызы Сыдықова

    Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі

    Өмірбаян

    2002 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін "Әлеуметтік саладағы және салалардағы экономика" мамандығы бойынша үздік бітірді.

    2005 жылы Астана қаласындағы Еуразия гуманитарлық институтын "Құқықтану"мамандығы бойынша үздік бітірген.

    2016 жылы Durham University Business School (Дарем университетінің Бизнес Мектебі) Халықаралық "Болашақ" бағдарламасы бойынша магистратураны бітірді, Ұлыбритания, қаржы магистрі.

    Марапаттары: "Әділет органдары жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін" медалі, "Қаржы қызметінің үздігі" төсбелгісі.

    2002 - 2004 жылдары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қаржы, бухгалтерлік есеп және ішкі бақылау департаменті экономикалық талдау бөлімінің жетекші маманы.

    2004 - 2005 жылдары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қаржы департаментінің жоспарлау және қаржыландыру бөлімінің бас маманы.

    2005 - 2010 жылдары Атырау облысы Әділет департаментінің бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімінің бастығы.

    2010 - 2018 жылдары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Экономика және қаржы департаменті Экономика және жоспарлау басқармасының бас сарапшысы.

    2018 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі.