
Мақсат Саматұлы
"Сарайшық" ауданының әкімі
Өмірбаян
Туған күні: 27 мамыр, 1985 жыл
Туған жерi: Алматы қаласы
Бiлiмi: жоғары
Оқу орнын бiтiрген жылы және оның атауы:
2006 жж. - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
2015 жж. – Орталық - Азия университеті
Мамандығы бойынша бiлiктiлiгi: химик-сарапшы бакалавры, мемлекеттік және жергілікті басқару бакалавры
Еңбек жолын Алматы қаласында 2007 жылы Алматы қаласының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу Департаментінде мемлекеттік экологиялық сараптама бөлімінің жетекші маманы ретінде бастаған.
Әр жылдары «Астана қалалық коммуналдық шаруашылық» АБ шарттарды орындау бөлімінің бас маманы, «Тұрмыс» ЖШС өндірістік-техникалық бөлімінің маманы,мемлекеттік сатып алу бөлімінің маманы, «Астана қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық департаменті» ММ коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы, «Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ «Мұз айдыны» МКҚК директордың орынбасары, «Бестер глобал» ЖШС директорының орынбасары, «Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты» ММ тіршілікті қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, өндірістік-техникалық бөлімінің бас маманы қызметтерін атқарды.
01.10.2015 – 22.05.2019 жж. – «Нұр-Сұлтан қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты» ММ өндірістік-техникалық бөлімінің басшысы, Нұр-Сұлтан қаласы;
23.05.2019 – 10.01.2022 жж. – Нұр-Сұлтан қаласы «Алматы» ауданы әкімінің орынбасары, Нұр-Сұлтан қаласы;
11.01.2022 – 24.08.2022 жж. – Нұр-Сұлтан қаласы «Байқоңыр» ауданы әкімінің орынбасары, Нұр-Сұлтан қаласы;
25.08.2022 – 18.11.2024 жж. – Астана қаласы «Алматы» ауданының әкімі, Астана қаласы;
18.11.2024 жылдан қазіргі уақытқа дейін - Астана қаласы «Сарайшық» ауданының әкімі, Астана қаласы.



