Өмірханова Сағадат Балғынғалиқызы

    Кәсіпшілік балық аулауды ұйымдастыру және басқа да су жануарларын реттеу бөлімінің басшысы

    Өмірханова Сағадат Балғынғалиқызы
    Руководитель отдела

    Өмірханова Сағадат Балғынғалиқызы

    Кәсіпшілік балық аулауды ұйымдастыру және басқа да су жануарларын реттеу бөлімінің басшысы

    Өмірбаян

    1986 жылы 30 қаңтарда Маңғыстау облысында дүниеге келген. Білімі жоғары.

    2008 жылы Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Қолданбалы экология» мамандығы бойынша аяқтаған.
    2013 жылы Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінде «Экология» мамандығы бойынша магистрлік білім алған.
    2019 жылы Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінен «Құқықтану» мамандығы бойынша екінші жоғары білім алған.

    Тұрмыста, үш бала тәрбиелеп отыр.

    Өмірханова Сағадат Балғынғалиқызы еңбек жолын 2008 жылы Ақтау қаласындағы Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінде аға зертханашы, ассистент қызметтерінен бастаған.

    2011–2022 жылдар аралығында Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасында кадр жөніндегі инспектор, кейін бас маман лауазымдарында қызмет атқарды.

    2022 жылдың ақпанынан 2025 жылдың наурызына дейін Маңғыстау облысының балық шаруашылығы басқармасында басқарма басшысының уақытша міндетін атқарушы, бөлім басшысы лауазымдарында қызмет атқарды.

    2025 жылғы 13 наурыздан бастап Маңғыстау облысының балық шаруашылығы басқармасында кәсіпшілік балық аулауды ұйымдастыру және басқа да су жануарларын реттеу бөлімінің басшысы қызметін атқарып келеді.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері