Елнур Жумабаевич Букаев
Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімінің «Өмірлік қиын жағдайға тап болған тұлғаларды қайта әлеуметтендіру орталығы» КММ
Өмірбаян
Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімінің «Өмірлік қиын жағдайға тап болған тұлғаларды қайта әлеуметтендіру орталығы» КММ
Орталық қызметінің мәні Орталықта уақытша болу жағдайында халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартына сәйкес, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, пробация қызметінің есебінде тұрған, өмірлік қиын жағдайға тап болған белгілі бір тұрғылықты жер жоқ адамдарға жедел әлеуметтік көмек және қолдау көрсету, сондай-ақ арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету болып табылады.
Орталық қызметінің мақсаты:
- бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, пробация қызметінің есебінде тұрған, өмірлік қиын жағдайларға тап болған адамдарды сондай-ақ белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды бейімдеу және әлеуметтендіру процесін қамтамасыз ету;
- адал еңбек өміріне табысты дайындалу, қажетті тұрғын үй және тұрмыстық жағдайлар жасау, қоғамдық пайдалы еңбекке баулу және белгілі тұрғылықты жері жоқ адамдар үшін, бұрынғы сотталғандар үшін еңбек ұжымдарында бекіту үшін, сондай-ақ олардың тарапынан қайта қылмыс жасауға жол бермеу мақсатында жағдайлар жасау.