
Есжанов Достанбек Берікұлы
Аршалы ауданының әкімі
Өмірбаян
Есжанов Достанбек Берікұлы 1982 жылы 17 наурызда Ақмола облысы Есіл ауданы Есіл қаласында дүниеге келген . Білімі жоғары, 2005 жылы «Тұран» университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2006 жылы Ақмола облысы Есіл ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-кадр жұмысы бөлімінің бас маманы болып бастаған;
2007 жылғы мамырдан 2007 жылғы шілдеге дейін "Цесна-Астық" Концерні ЖШС заңгері, Астана қ.;
2009 жылғы қазаннан 2012 жылғы шілдеге дейін Ақмола облысы Есіл ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-кадр жұмысы бөлімінің басшысы, Есіл қ.;
2012 жылғы шілдеден 2016 жылғы мамырға дейін Ақмола облысы Есіл ауданы әкімі аппаратының басшысы, Есіл қ.;
2016 жылғы мамырдан 2018 жылғы наурызға дейін Ақмола облысы Есіл ауданы әкімінің орынбасары, Есіл қ.;
2018 жылғы наурыздан 2019 жылғы сәуірге дейін Ақмола облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімінің басшысы, Көкшетау қ.;
2019 жылғы сәуірден 2020 жылғы қазанға дейін Ақмола облысы Бурабай ауданы әкімінің орынбасары, Щучинск қ.;
2020 жылғы қазаннан 2024 жылғы желтоқсанға дейін Ақмола облысы Біржан сал ауданының әкімі, Степняк қ.;
2024 жылғы желтоқсаннан бастап қазіргі уақытқа дейін Ақмола облысы Аршалы ауданының әкімі, Аршалы кенті.
Аршалы ауданының әкімі
Аудан әкімдігінің және аудан әкімі аппаратының қызметіне басшылық жасау.
Аудан әкімі орынбасарларының, аудан әкімі аппараты басшысының, аудандық атқарушы органдардың, қала, ауылдық округтер әкімдерінің жұмысын үйлестіру, аумақтық органдардың келісілген жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
Экономикалық қаржылық, фискалдық саясаттың, жергілікті бюджеттің стратегиялық мәселелері.
Кадр саясаты мәселелері.
Қорғаныс және құқықтық тәртіп мәселелері.
Норма шығару қызметін үйлестіру.
Тәжірибелік қызметте аудан әкімі өкілеттіктерінің бір бөлігін аудан әкімінің орынбасарларына, аудан әкімі аппаратының басшысына, қала, ауылдық округ әкімдеріне бере алады.
Қазақстан Республикасы Президентінің атынан ауданда өкілдік ете отырып, жалпы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарының, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары мен өкімдерінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі мен Үкіметінің, облыс әкімі мен облыс әкімдігінің актілерінің сөзсіз орындалуын қамтамасыз етеді, мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынаста тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мүдделерін білдіреді.
Облыс әкімімен, аудандық атқарушы және аумақтық органдармен, мәслихатпен, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аудандық бөлімімен, ауданаралық Әділет басқармасымен, аудандық полиция бөлімімен, аудандық прокуратурамен, аудандық сотпен, қорғаныс істері жөніндегі бөліммен қарым-қатынаста аудан әкімдігінің атынан өкілдік етеді.
Аудандық әкімдікті, бюджеттік комиссияны, жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің қосымша резервтерін анықтау жөніндегі комиссияны терроризмге қарсы комиссияны, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияны; діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңесті, Қоғамдық келісім кеңесін, жастар саясатын іске асыру жөніндегі кеңесті басқарады,



