
Өмірбаян
Білімі жоғары. 2004 жылы Р.Байсеитов атындағы Семей қаржы экономикалық колледжін қаржы мамандығы бойынша, 2007 жылы М.Әуезов атындағы Семей мемлекеттік университетін есеп және аудит мамандығы бойынша бітірді.
1990 жылдан 1992 жылға дейін Жанғызтөбе кентіндегі Темір жол станциясының аға кезекшісі.
1995 жылдан 1997 жылға дейін Жаңғызтөбе кенті № 15614 әскери бөлімінің кезекші операторы.
1997 және 1997 жылдар аралығында Жанғызтөбе кентіндегі «Теміржолэкспедициясы» мемлекеттік мекемесінің күзетшісі.
1997 және 2002 жылдар аралығында Жанғызтөбе кентіндегі «Теміржолэкспедициясы» ММ-нің коммерциялық жүк агенті.
2002 жылдан 2003 жылға дейін жеке кәсіпкер.
2003 және 2007 жылдар аралығында Жарма ауданы «Жанғызтөбе кенті әкімі аппараты» ММ-нің маманы – салық агенті.
2007 жылдан 2008 жылға дейін Георгиевка ауылындағы Салық комитетінің жетекші маманы – салық инспекторы.
2008 және 2010 жылдар аралығында Георгиевка ауылындағы «Жарма ауданының қаржы бөлімі» ММ-нің жетекші маманы.
2010 жылдан 2011 жылға дейін Қалбатау ауылындағы «Жарма ауданының қаржы бөлімі» ММ-нің бас маманы,
2010 және 2019 жылдары Божығұр ауылдық округінің әкімі,
2019 жылдың қараша-желтоқсан айларында Жарма ауданының кәсіпкерлік дәне ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары болып жұмыс атқарды.
2020 жылдың 5 қаңтарынан «Жарма ауданының тұрғын үй-коммуналды шаруашылы, жолаушы тасымалдау көлігі және автокөлік жолдары бөлімі» ММ-нің басшысы лауазымына тағайындалды.
2022 жылғы қаңтар-наурыз аралығында «Nur OTAN» Партиясы» ҚБ Жарма аудандық филиалы атқарушы хатшысының бірінші орынбасары,
2022 жылғы наурыздан 2023 жылғы мамырға дейін «AMANAT» партиясы» ҚБ Жарма аудандық филиалының атқарушы хатшысы.
2024 жылғы 12 ақпаннан 2024 жылғы 02 желтоқсанға «Абай облысы Жарма ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің ұйымдастыру бөлімі басшысы