
Өмірбаян
Әлібеков Қуаныш Нұржанұлы 1993 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 2013 жылы Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде қаржы мамандығы бойынша, 2015 жылы Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде - құқықтану мамандығын тәмамдаған. 2019 жылы "Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік басқару академиясы" Федеральдық мемлекеттік бюджеттік жоғары оқу орнында құқықтану магистрі квалификациясы тағайындалған.
2013-2018 жылдар аралығында Астана қаласа, Жамбыл және Батыс Қазақстан облыстарында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменттерінің түрлі жедел лауазымдарында қызмет атқарған;
04.2018 - 09.2018 жылдар аралығында Тараз қаласы Прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау бөлімінің аға прокуроры;
09.2018 - 07.2021 жылдар аралығында Шымкент қаласы Прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының аға прокуроры
07.2021 - 01.2023 жылдар аралығында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің жедел лауазымдарында қызмет етті;
03.2023 - 10.2024 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Аппаратының Өтініштерді қабылдау және бастапқы қарау бөлімі өтініштерді бастапқы қарау секторының бас консультанты болып қызмет істеген;
01.10.2024 - 29.11.2024 жылдар аралығында Түркістан қаласы әкімінің кеңесшісі;
29.11.2024 жылдан бастап - Түркістан қаласы әкімі аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды. (бүгінгі күнге дейін)



