Ахметова Әлия Ысқаққызы

    Бас маман

    Ахметова Әлия Ысқаққызы
    Главный специалист

    Ахметова Әлия Ысқаққызы

    Бас маман

    Өмірбаян

    1983 жылы 15 қаңтарда Жалағаш ауданында дүниеге келген.

    1990 жылы аудан орталығындағы №201 орта мектептің 1 сынып оқушысы болып қабылданып, 2000 жылы Т.Жүргенов атындағы №123 дарынды балалар мектебін үздік аттестатпен аяқтап шықты.

    Осы жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетіне грант негізінде оқуға түсіп, 2004 жылы физика-информатика пәнінің мұғалімі мамандығына ие болды.

    2021 жылы «Экономика» мамандығы бойынша «Болашақ» университетін аяқтады.

    Отбасылы, 4 баланың анасы.

    28.08.2004 - 23.04.2007 жылдар аралығында Физика пәнінің мұғалімі, Жалағаш кентіндегі №246 мектеп;

    23.04.2007 - 01.03.2008 жылдар аралығында Әдіскер, “Жалағаш аудандық білім бөлімі” мемлекеттік мекемесі;

    01.03.2008 - 17.07.2008 жылдар аралығында Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Жалағаш кентіндегі №201 мектеп;

    17.07.2008 - 26.02.2009 жылдар аралығында Бас маман міндетін атқарушы, “Жалағаш аудандық ішкі саясат бөлімі” мемлекеттік мекемесі;

    26.02.2009 - 20.09.2011 жылдар аралығында Бас маман, “Жалағаш аудандық ішкі саясат бөлімі” мемлекеттік мекемесі;

    20.09.2011 - 21.08.2013 жылдар аралығында Бас инспектор, “Жалағаш ауданы әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімі;

    21.08.2013 - 19.11.2024 жылдар аралығында Бас инспектор, “Жалағаш ауданы әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру-бақылау бөлімі;

    2024 жылдың 19 қарашасынан бастап “Жалағаш кенті әкімі аппараты” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құқықтық қамтамасыз ету, шаруашылық және кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің бас маманы қызметін атқарып келеді.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері