Юсупов Ануар Аскарович

    заместитель начальника ДЧС города Алматы

    Юсупов Ануар Аскарович
    Заместитель начальника

    Юсупов Ануар Аскарович

    заместитель начальника ДЧС города Алматы

    Өмірбаян

    Ануар Юсупов Михайловка ауылы, Жамбыл облысында дүниеге келген.

    2000 жылы Б. Момышұлы атындағы Алматы республикалық әскери мектеп-интернатын аяқтаған.

    2004 жылы С. Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің әскери институтын «Байланыс әскерлерінің командалық-тактикалық» мамандығы бойынша тәмамдаған.
    2009 жылы «Қайнар» университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

    2004–2007 жылдары Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінде қызмет атқарған.

    2010–2017 жылдары Алматы қаласы ТЖД құрылымында азаматтық қорғау саласында жетекші және бас маман болып әкімшілік мемлекеттік лауазымдарды атқарған.

    2017–2023 жылдары Алматы қаласы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасында офицерлік лауазымдарда қызмет атқарған.

    2023 жылғы ақпан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін — Алматы қаласы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы.

    Үйленген, үш баласы бар.

    «Мінсіз қызметі үшін» ІІІ дәрежелі медалімен, «Халық алғысы» медалімен, сондай-ақ «Азаматтық қорғау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» және «Құтқару операцияларына белсенді қатысқаны үшін» төсбелгілерімен марапатталған. Сонымен қатар, Министрлік пен Департамент басшылығынан алғыс хаттар мен грамоталар алған.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері