Абдуллин Самат Куандыкович

    Басқарма басшысының орынбасары

    Абдуллин Самат Куандыкович
    Заместитель руководителя управления

    Абдуллин Самат Куандыкович

    Басқарма басшысының орынбасары

    Өмірбаян

    Туған күні: 1972 жылғы 30 маусым

    Туған жері: Астана қаласы

    1994–1999 жылдар – Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, «Құқықтану» мамандығы.

    1999–2003 жылдар – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, «Қаржы және несие» мамандығы.

    1998 жылғы 5 наурыз – 12 маусым – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің жетекші маманы.

    1998 жылғы 12 маусым – 12 тамыз – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тергеу департаментінде аға тергеуші.

    1998 жылғы 12 тамыз – 9 желтоқсан – Әділет министрлігінің Тергеу департаментінде аса маңызды істер бойынша аға тергеуші.

    1998–2007 жылдар – Астана қаласы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің (қаржы полициясы) қызметкері.

    2009 жылғы 30 наурыз – 5 мамыр – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының бағдарламалық қамтамасыз ету бөлімінің уақытша меңгерушісі.

    2009–2010 жылдар – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Ішкі қауіпсіздік департаменті басшысының орынбасары.

    2010–2011 жылдар – Астана қаласы прокурорының ішкі қауіпсіздік жөніндегі көмекшісі.

    2011 жылғы 14 қаңтар – 16 шілде – Астана қаласы прокурорының ішкі қауіпсіздік жөніндегі аға көмекшісі.

    2011–2012 жылдар – Астана қаласы прокуратурасының арнайы прокурорлар басқармасының бастығы.

    2012 жылғы 19 шілде – 1 қыркүйек – Астана қаласы прокуратурасының Жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау департаменті басшысының міндетін атқарушы.

    2012 жылғы 4 қазан – 13 желтоқсан – Астана қаласы қылмыстық процестің заңдылығын қадағалау департаменті басшысының міндетін атқарушы.

    2012–2014 жылдар – Астана қаласы бойынша қаржы полициясының қызметкері.

    2014–2015 жылдар – Астана қаласы бойынша экономикалық тергеу қызметінің қаржы саласындағы құқық бұзушылықтарды тергеу басқармасының бастығы.

    2015 жылғы қаңтар – сәуір – «Астана-Энергия» АҚ басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары.

    2015–2017 жылдар – «Астана-ЕРЦ» ЖШС бас директоры.

    2023 жылғы 11 қараша – 5 желтоқсан – «Астана-Зеленстрой» ЖШС бас директордың бірінші орынбасары.

    2023 жылғы желтоқсаннан бастап қазіргі уақытқа дейін – Астана қаласының «Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы» ММ басшысының орынбасары.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері