
Шарипов Аян Айтмағанбетұлы
Молодежный кенті әкімінің орынбасары
Өмірбаян
Шарипов Аян Айтмаганбетович 1993 жылы 2 шілдеде Қарағанды облысы Егіндібұлақ ауданы Егіндібұлақ ауылында дүниеге келген. 2010 жылы Осакаров ауданы Звездное ауылындағы №18 орта мектепті бітірді. 2010 жылы Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің Экономика факультетіне оқуға түсіп, 2014 жылы «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша аяқтады.
Еңбек жолын 2014 жылғы 20 тамызда «Молодежный кенті әкімінің аппараты» ММ-не маман лауазымына жұмысқа қабылданды.
2014 жылғы 1 қазаннан бастап «Молодежный кенті әкімінің аппараты» ММ-не бас маман лауазымына қабылданды, онда 2017 жылғы шілде айына дейін жұмыс істеді.
2017 жылдың 1 тамызынан бастап «Ақбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-не маман лауазымына жұмысқа қабылданды. Сол жылдың 31 тамызында өз еркімен жұмыстан кетті.
2017 жылғы 4 қыркүйектен бастап «Молодежный кенті әкімінің аппараты» ММ-не маман лауазымына жұмысқа қабылданды.
2018 жылдың 19 сәуірінен бастап «Молодежный кенті әкімінің аппараты» ММ-не бас маман лауазымына жұмысқа қабылданды.
2019 жылдың 20 қыркүйегінен 2021 жылдың 27 шілдесіне дейін «Молодежный кенті әкімінің аппараты» ММ-не әкімнің орынбасары лауазымына жұмысқа қабылданды.
Сайлау қорытындысы бойынша 2021 жылғы 28 шілдеден бастап Шідерті ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды, бұл лауазымды 2024 жылғы қазанға дейін атқарды. Өз еркімен жұмыстан шықты.
2024 жылғы 11 қазанда Молодежный кенті әкімінің орынбасары лауазымына қабылданды, осы уақытқа дейін осында жұмыс істеймін.