
Сейсембеков Дамир Ерланович
Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Телекоммуникациялар комитеті Төрағасы
Өмірбаян
ЖАЛПЫ АҚПАРАТ
Туған күні:
22 шілде 1986 жыл
Туған жері:
Қарағанды облысы
Білімі:
Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, 2008 жыл
Мамандығы: Көпарналы телекоммуникациялық жүйелер
Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті, 2010 жыл
Мамандығы: Юриспруденция «Экономика саласындағы құқықтық реттеу»
Nazarbayev University Duke University-мен бірлесіп, 2010жыл
Бағдарлама: Executive MBA
Еңбек жолын 2008 жылы «Қазақтелеком» АҚ филиалы – «Астанателеком» қалалық телекоммуникациялар орталығында инженер болып бастады. Кейін Help Desk учаскесінің бастығы, одан кейін Жергілікті желілерді техникалық қызмет көрсету орталығының Цифрлық желілерді қызмет көрсету цехының бастығы қызметтерін атқарды.
2010-2018 жылдары «Қазақтелеком» АҚ филиалы – Қостанай облыстық телекоммуникациялар дирекциясында жетекші қызметтер атқарды. Атап айтқанда, Телекоммуникациялар желілерін пайдалану бөлімінің бастығы, қызмет бастығы, Телекоммуникациялар желілерін дамыту бойынша техникалық директордың орынбасары және Бас директордың орынбасары – техникалық директор лауазымдарында жұмыс істеді.
2018-2020жылдары «Қазақтелеком» АҚ филиалы – Орталық аймақтық телекоммуникациялар дирекциясында Телекоммуникациялар желілерін пайдалану және дамыту қызметінің бастығы қызметін атқарды.
2020-2023жылдары «Қазақтелеком» АҚ филиалының Бөлшек сауда бизнесі дивизионында жетекші қызметтер атқарды. B2C сегментінің Орталық аймағының коммерциялық директоры, Инсталляциялық жұмыстар департаментінің директоры, сонымен қатар желіні дамыту және қолдау бойынша директор қызметтерін атқарды.
2023-2024жылдары «Қазақтелеком» АҚ филиалының Жобаларды басқару дирекциясының бас директоры – жобаларды басқару бойынша директор қызметін атқарды.
2024жылдың қараша айынан бастап Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы қызметін атқарды.
2025 жылдың қазан айынан бастап қазірге дейін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы қызметін атқарады.