
Өмірбаян
Рауан Қайыпханұлы Жантелиев, 1979 жылы туған, қазақ, Қазақстан Республикасының азаматы.
Білімі – жоғары, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша аяқтаған.
Жалпы еңбек өтілі – 24 жыл, мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі - 12 жыл.
Әр жылдары Екібастұз қаласы Бәйет орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, №2 Баянауыл жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, Баянауыл ауданы Сұлужон жалпы орта білім беру мектебінің директоры, Баянауыл ауданы білім бөлімінің бас маманы, сектор меңгерушісі, басшысының орынбасары, басшысы, «Баянтау» газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, «Нұр Отан» партиясы Баянауыл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, Астана қаласы білім беруді жаңғырту орталығы директорының орынбасары, Баянауыл ауданы әкімі аппараты жалпы бөлімінің басшысы, Екібастұз қаласы әкімі аппараты ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас маманы.
Осы лауазымға тағайындалғанға дейін Екібастұз қаласы әкімі аппараты ұйымдастыру-бақылау бөлімінің басшысы болып қызмет атқарды.
2024 жылғы 11 қарашадан бастап «Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болып тағайындалды.