
Кошекбаева Айша Косаевна
Мұнайлы аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысының орынбасары
Өмірбаян
Кошекбаева Айша Косаевна 1 қыркүйек 1971 жылы Өзбекстан Республикасы, Ходжелі ауданы, Саманкөл ауылында дүниеге келген. 1988 жылы орта мектепті бітіріп 1992-1994 жж. аралығында Ақмола қаласындағы қаржы-экономикалық колледжін бітірді. Білімі жоғары, 1998-2002 жж. аралығында Алматы қаласындағы «Орта Азиялық» университетінің қаржы және несие мамандығын бітірген.
Еңбек жолын 1989 жылдың ақпан айында Бейнеу аудандық байланыс торабында почтальон қызметінен бастаған.
1994-1997жж. Бейнеу аудандық қаржы бөлімінде маман қызметін атқарған.
1997-2000 жж Бейнеу аудандық бюджеттік қаржы инспекциясы бастығының міндетін атқарған.
2000 жылдың ақпаны мен мамыр айы аралығында Бейнеу аудандық қаржы бөлім басшысының орынбасары қызметін атқарған.
2000 жылдың мамыры мен 2005 жылдың қаңтарында Бейнеу аудандық экономика және қаржы бөлім бастығының орынбасары қызметін атқарған.
2005-2006 жж. Бейнеу аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастық қызметін атқарған.
2007 жылы Мұнайлы аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің бастығы қызметін атқарған.
2009 жылдың ақпанында Мұнайлы аудандық экономика және қаржы бөлім башысының орынбасары қызметін атқарып келеді.





